+7 7172 63 62 23
+7 7172 63 62 23

Құрылыс саласын цифрландыру қалай дамып келе жатқанын Премьер айтып өтті

«Құрылыс жұмыстарын бақылауды күшейту және сапасын арттыру мақсатында «Е-құрылыс» ақпараттық жүйесі әзірленді, ол құрылыс процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған.  Сондай-ақ, жобалау процестерінің тиімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету үшін, оларды мемлекеттік объектілерде қайтадан қолдану үшін Әзірленген жобалардың бірыңғай деректер банкін (ТЭО, ЖСҚ, типтік жобалар мен техникалық тапсырмаларды қоса алғанда) құру бойынша жұмыстар жүргізілуде, бұл  құрылыс тәжірибесіне бұған дейін жүзеге асырылған жобалық шешімін қолдана отырып объектілерді енгізуге мүмкіндік береді, сонымен қатар жобалау мен құрылыс мерзімі мен құнын қысқартады, еңбек шығынын төмендетеді, қосымша жұмыстардың және қымбаттаудың туындау қаупін төмендетеді»,- деп хабарлады Асқар Мамин, өзінің депуттық сауалға жауабында. Оның сөзінше, «Цифрлы Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасының аясында Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесін енгізу жүзеге асырылуда, ол тұрғындар үшін жер кадастры және жылжымайтын мүлік кадастры бойынша қолжетімді ақпаратты жариялап отырады.  «Сонымен қатар, мемлекеттік сараптама epsd.kz Бірыңғай порталы арқылы «бір терезе» принципіне өтті, ол жобаларды қарастырудың барлық процесінің қажетті ашықтығын қамтамасыз етеді, адам факторын төмендетеді. 2016 жылдан бастап құрылыс объектілерін ақпараттық модельдеу технологиясын – BIM-технологияларды енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде, ол құрылыс саласын цифрландыру жолындағы басты құрал болып табылады», – деп атап өтті Премьер. Ол BIM-технологияларды енгізу жобалық-сметалық құжаттаманың сараптамасының ашықтығын және автоматтандыруды, материалдар мен ресурстарды есептеу кезіндегі анықтықты, сыбайлас жемқорлық қаупін болдырмауды және жобаның шектес тараулары арасындағы сәйкессіздікті болдырмауды қамтамасыз етуге бағытталғандығын атап өтті. «Ақпараттық модельдеу технологиясы қарастырылған бюджет аясында, яғни қымбаттаусыз, құрылыс жобаларын дер кезінде жүзеге асыру тұрғысында мемлекет пен қоғам үшін тиімді әсерді қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен ақпараттық модельдеу технологиясын енгізу бойынша іс-шаралар жоспары жүзеге асырылуда. Бүгінгі күнде барлық қажетті дайындық жұмыстары жүргізілді, халықаралық тәжірибеге сәйкес (2017ж. – 2 НТҚ және 5 халықаралық стандарт, 2018ж. – 6 НТҚ, 2019ж. – 4 НТҚ) құжаттардың тиісті нормативтік-техникалық базасы  (бұдан әрі-НТҚ) әзірленді, барлық саланың терминдері мен түсініктерін біркелкілендіру үшін BIM-бағдарланған классификатор әзірленді. Бүгінгі күні BIM-технологияны толықтай қолдана отырып 10-нан астам құрылыс объектілері жоспарланды», – деп қорытындылады А. Мамин.

Scroll Up