+7 7172 63 62 23
+7 7172 63 62 23

Құрылыс саласын цифрландыру қалай дамып келе жатқанын Премьер айтып өтті

«Құрылыс жұмыстарын бақылауды күшейту және сапасын арттыру мақсатында «Е-құрылыс» ақпараттық жүйесі әзірленді, ол құрылыс процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған.  Сондай-ақ, жобалау процестерінің тиімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету үшін, оларды мемлекеттік объектілерде қайтадан қолдану үшін Әзірленген жобалардың бірыңғай деректер банкін (ТЭО, ЖСҚ, типтік жобалар мен техникалық тапсырмаларды қоса алғанда) құру бойынша жұмыстар жүргізілуде, бұл  құрылыс тәжірибесіне бұған дейін жүзеге асырылған жобалық шешімін қолдана отырып объектілерді енгізуге мүмкіндік береді, сонымен қатар жобалау мен құрылыс мерзімі мен құнын қысқартады, еңбек шығынын төмендетеді, қосымша жұмыстардың және қымбаттаудың туындау қаупін төмендетеді»,- деп хабарлады Асқар Мамин, өзінің депуттық сауалға жауабында. Оның сөзінше, «Цифрлы Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасының аясында Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесін енгізу жүзеге асырылуда, ол тұрғындар үшін жер кадастры және жылжымайтын мүлік кадастры бойынша қолжетімді ақпаратты жариялап отырады.  «Сонымен қатар, мемлекеттік сараптама epsd.kz Бірыңғай порталы арқылы «бір терезе» принципіне өтті, ол жобаларды қарастырудың барлық процесінің қажетті ашықтығын қамтамасыз етеді, адам факторын төмендетеді. 2016 жылдан бастап құрылыс объектілерін ақпараттық модельдеу технологиясын – BIM-технологияларды енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде, ол құрылыс саласын цифрландыру жолындағы басты құрал болып табылады», – деп атап өтті Премьер. Ол BIM-технологияларды енгізу жобалық-сметалық құжаттаманың сараптамасының ашықтығын және автоматтандыруды, материалдар мен ресурстарды есептеу кезіндегі анықтықты, сыбайлас жемқорлық қаупін болдырмауды және жобаның шектес тараулары арасындағы сәйкессіздікті болдырмауды қамтамасыз етуге бағытталғандығын атап өтті. «Ақпараттық модельдеу технологиясы қарастырылған бюджет аясында, яғни қымбаттаусыз, құрылыс жобаларын дер кезінде жүзеге асыру тұрғысында мемлекет пен қоғам үшін тиімді әсерді қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен ақпараттық модельдеу технологиясын енгізу бойынша іс-шаралар жоспары жүзеге асырылуда. Бүгінгі күнде барлық қажетті дайындық жұмыстары жүргізілді, халықаралық тәжірибеге сәйкес (2017ж. – 2 НТҚ және 5 халықаралық стандарт, 2018ж. – 6 НТҚ, 2019ж. – 4 НТҚ) құжаттардың тиісті нормативтік-техникалық базасы  (бұдан әрі-НТҚ) әзірленді, барлық саланың терминдері мен түсініктерін біркелкілендіру үшін BIM-бағдарланған классификатор әзірленді. Бүгінгі күні BIM-технологияны толықтай қолдана отырып 10-нан астам құрылыс объектілері жоспарланды», – деп қорытындылады А. Мамин.

Қорғасын-мырыш тау-байыту комбинатының құрылысы басталды

Болашақ байыту комбинатының орнындағы құрылыс жұмыстарының бастауы Шалқы ТБК болашақ қызметкерлеріне жолдай отырып, «уақыт капсуласын» қалау құрметімен байланыстырылды.

Салтанатқа Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Алик Айдарбаев, «Тау-Кен-Самұрық» Ұлттық таукен компаниясы Басқармасының Төрағасы Қанат Құдайберген және ENGINEERING DOBERSEK GmbH компания-мердігердің бас директоры Альбин Доберсек қатысты.  

ТБК жоғары сапалы қорғасын және мырыш концентраттарын шығаратын болады. Бұл өнімнің Қазақстанда және әлемдік нарықта сұранысқа ие екендігі өткізу нарығын кепілдендіреді.

Жобаның құны 651 миллион долларды құрайды, қазіргі уақытта 35 миллиард теңге инвестиция жұмсалды.

Кен орнының дәлелденген қоры 2051 жылға дейін тау-кен өндірісі мен кенді қайта өңдеу мүмкіндігін ұсынады.

«ШалкияЦинк ЛТД» АҚ Бас директоры Асқар Джаукенов: «Сыйымдылығы 2 миллион тонна болатын кешеннің 1-кезеңін іске қосу 2020 жылдың қазан айына жоспарланған, қуаттылығы 4 миллион тонна болатын екінші іске қосу кешені 2021 жылдың қарашасында жұмысын бастайды», – деді

Салынып жатқан кәсіпорынның аймақтың экономикалық және әлеуметтік дамуы үшін стратегиялық маңыздылығын ескере отырып, Қызылорда облысының әкімдігі, «ШалқияЦинк ЛТД» АҚ және «ENGINEERING DOBERSEK» компаниясы Шалқия ТБК құрылысына қатысты мәселелерде өзара қолдау туралы келісімге келді және тиісті меморандумға қол қойды.

ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕР: Бірегей техникалық және технологиялық шешімдер жоғары өнімділікті және энергияны аз тұтынуды қамтамасыз етеді. Мысалы, кенді ұсақтаудың алғашқы кезеңдері жер астында жүзеге асырылады. Биіктігі 200 м болатын жоғары тиімді тік конвейер шикізатты шахтадан жер бетіне көтереді (Қазақстанда құрылғының баламалары жоқ).

Өнеркәсіп 4.0. ЦИФРЛЫ ТБК: «ШалқияЦинк ЛТД» АҚ Жобаларды басқару жөніндегі басқарушы директоры Анатолий Лигайдың айтуынша, автоматтандырудың жоғары дәрежесі өндірістік цикл, процестер мен жабдықты қашықтықтан басқару туралы ақпараттың онлайн режимінде қол жетімділігін қамтамасыз етеді. Бұл адам факторының әсерін азайтады, және нәтижесінде , ТБК тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді.

«Механобр», «Outotec», «Engineering Dobersek», «ТОМС» сияқты әлемге әйгілі компаниялар кен байыту үдерісінің схемасын әзірлеу мен оңтайландыруға қатысты.

ҚР құрылыстағы ақпараттық модельдеуді пайдалана бастайтын болады.

Цифрлық технологиялар біздің өмірімізді өзгертеді – кешегі идея жаңа стандартқа, қандай да бір саладағы кезекті ұмтылыстың бастауына айналады. Қазақстанда ұлттық экономиканың нағыз консервативтік салаларының бірі – құрылысты түбегейлі өзгертетін нағыз цифрлық ұқмтылыс басталды.

2018 жылдың өзінде Қазақстанда ВІМ-технологияға негізделген стратегиялық құжатты бекіту ресми деңгейде жоспарланған. «Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік және азаматтық құрылысында ақпараттық модельдеу технологиясын енгізу тұжырымдамасы» ҚР Инвестиция және даму министрлігінің Құрылыс және ТКШ комитетінде қаралды, Қазақстанның сарапшылық қауымдастығымен талқылануда. 

Құжаттың авторы «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ Ақпараттық модельдеу орталығының сарапшылары (ҚазҚСҒЗЖИ).

Құжатты әзірлеушілердің өздері құжатты  building information modeling (құрылыстағы ақпараттық модельдеу – ағылшынша, BIM), «шешім қабылдау үшін сенімді ненгіз қалыптастыруда жобалау, құрылыс және пайдалану процестеріне жәрдемдесу үшін құрылыс объектісін жалпы цифрлық елестетуді қолдану» ретінде түсіндіреді. Басқаша айтқанда, ғимаратты жобалау және оныфң құрылысы кезіндегі қағаз жұмыстары нөлге дейін азаяды, ал барлық процестер цифрлық ортаға көшеді, оған барлық мүдделі тараптар қолжетімді болады: тапсырыс берушіден бастап және архитектордан бастап мердігерге дейін, мысалы өрт қауіпсіздігі мамандарына дейін. Егер тіптен жеңілдететін болсақ, онда бұл құрылыс объектісі туралы барлық маңызды ақпаратты жинау және басқару процесі. ВІМ – қарапайым 3D-модельдеу емес, бұл құрылыс объектісі бойынша деректерді бір жерге біріктіретін және өңдейтін толыққанды шешім.

Қазақстан 2023 жылы BIM-технологияға толықтай өтуді жүзеге асырады

Қазақстан 2023 жылы BIM-технологияға толықтай өтеді. Бір жыл бұрын, 2022 жылы, атқарушы модельдерді пайдалануға беріледі. Бұл туралы ТМД елдерінде құрылыс саласындағы бағаны белгілеу бойынша комиссия отырысында ҚазҚСҒЗИ ақпараттандыру және дамыту жөніндегі атқарушы директоры Александр Шахнович хабарлады. 

— 2017 жылы Құрылыс және ТКШ жөніндегі комитеттің сұранысы бойынша ҚР өнеркәсіптік және азаматтық құрылысында ақпараттық модельдеу технологиясын енгізу тұжырымдамасы әзірленді. Тұжырымдаманың негізгі мақсаттары: саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, ғимаратты пайдалануға кететін шығынды болжауды қалыптастыру, мемлекеттік қаражат есебінен қаржыландырылатын құрылыс объектілерінің ақпараттық модельдеріне мемлекеттік тапсырыс берушілердің қолжетімділігі және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің басқару және бақылау үшін жаңа технологияларды  қолдануы. BIM-технологиялар негізгі үш кезеңде енгізіледі деп болжануда. Біріншісі қазір аяқталуға жақын. Ол 2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін жалғасты. Біз құрылыс объектілерін ақпараттық модельдеу технологиясын (ҚОАМТ) қолдану үшін нормативтік құжаттардың негізгі пакетін әзірлеуді аяқтаудамыз . Екінші өту кезеңі 2020 жылдан басталады. Барлық технологиялық күрделі объектілер (ірі әкімшілік ғимараттар және адам көп жиналатын объектілер) тек ҚОАМТ қолдану арқылы жобаланатын болады деп болжануда. Келесі кезеңде, 20222 жылдан бастап, біз бұл ақапаратты құрылыс арқылы жобалауды пайдалануға береміз. Қазақстан 2023 жылы толықтай жаңа технологияға өтеді деп ойлаймын, – деді сарапшы. Сондай-ақ, Шахнович ғимаратты функционалдық жүйелерге бөлетін мамандандырылған классификатордың әзірленіп жатқаны туралы хабарлады: өнімнің аспектілері және орналасу орны, функционалдық аспект. Осылайша, ғимараттың әрбір элементі (шатыр, қабырғалар, жабын және жерүсті жүйесі) өзінің техникалық және функционалдық тағайындалымы бойынша классификацияланатын болады. Сонымен қатар, классификатор 2019 жылдың соңына дейін шығындардың ресурстық әдісімен біріктіреді, ол құрылыс кезінде сметалық істе қолданылады.

Scroll Up