+7 7172 63 62 23
+7 7172 63 62 23

Қазақстан 2023 жылы BIM-технологияға толықтай өтуді жүзеге асырады

Қазақстан 2023 жылы BIM-технологияға толықтай өтеді. Бір жыл бұрын, 2022 жылы, атқарушы модельдерді пайдалануға беріледі. Бұл туралы ТМД елдерінде құрылыс саласындағы бағаны белгілеу бойынша комиссия отырысында ҚазҚСҒЗИ ақпараттандыру және дамыту жөніндегі атқарушы директоры Александр Шахнович хабарлады. 

— 2017 жылы Құрылыс және ТКШ жөніндегі комитеттің сұранысы бойынша ҚР өнеркәсіптік және азаматтық құрылысында ақпараттық модельдеу технологиясын енгізу тұжырымдамасы әзірленді. Тұжырымдаманың негізгі мақсаттары: саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, ғимаратты пайдалануға кететін шығынды болжауды қалыптастыру, мемлекеттік қаражат есебінен қаржыландырылатын құрылыс объектілерінің ақпараттық модельдеріне мемлекеттік тапсырыс берушілердің қолжетімділігі және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің басқару және бақылау үшін жаңа технологияларды  қолдануы. BIM-технологиялар негізгі үш кезеңде енгізіледі деп болжануда. Біріншісі қазір аяқталуға жақын. Ол 2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін жалғасты. Біз құрылыс объектілерін ақпараттық модельдеу технологиясын (ҚОАМТ) қолдану үшін нормативтік құжаттардың негізгі пакетін әзірлеуді аяқтаудамыз . Екінші өту кезеңі 2020 жылдан басталады. Барлық технологиялық күрделі объектілер (ірі әкімшілік ғимараттар және адам көп жиналатын объектілер) тек ҚОАМТ қолдану арқылы жобаланатын болады деп болжануда. Келесі кезеңде, 20222 жылдан бастап, біз бұл ақапаратты құрылыс арқылы жобалауды пайдалануға береміз. Қазақстан 2023 жылы толықтай жаңа технологияға өтеді деп ойлаймын, – деді сарапшы. Сондай-ақ, Шахнович ғимаратты функционалдық жүйелерге бөлетін мамандандырылған классификатордың әзірленіп жатқаны туралы хабарлады: өнімнің аспектілері және орналасу орны, функционалдық аспект. Осылайша, ғимараттың әрбір элементі (шатыр, қабырғалар, жабын және жерүсті жүйесі) өзінің техникалық және функционалдық тағайындалымы бойынша классификацияланатын болады. Сонымен қатар, классификатор 2019 жылдың соңына дейін шығындардың ресурстық әдісімен біріктіреді, ол құрылыс кезінде сметалық істе қолданылады.

Scroll Up